Алматыда төлем терминалын бұзғандар 1,5 млн теңгені үптеп кеткен

Сурет: polisia.kz
Төлем құрылғысы Райымбек даңғылындағы дәріханалардың бірінің ішінде орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғимаратқа заңсыз кіру және терминалды бұзу арқылы қаскөйлер, ол жерден 1 миллион 725 мың теңге көлеміндегі ақшаны жасырын жымқырған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар үш азамат ұсталды.

Олар 1975, 1986 және 1982 жылы дүниеге келген. Күдіктілер қылмысын мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қозғалды. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Асхат Давлетьяров.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды