Димаш Құдайберген "әлемдегі ең қымбат клипі" шығатынын хабарлады

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында жанкүйерлеріне тосынсый дайындағанын, "әлемдегі ең қымбат бейнебаянды" түсіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш жаңа шығарманың аты "Бір аспан хикаясы" екенін айтты. Әншінің сөзінше, ол бұл жолы "әлемдегі ең қымбат клипті" түсірді.

Сонымен қатар Димаш композитор ретінде осы әнді жазуды үш жыл бұрын бастағанын жеткізді

Құрметті достар, мен "Бір аспанның хикаясы" атты жаңа шығармама әлемдегі ең қымбат бейнебаянды түсірдім. Бұл шығарманы 3 жыл бұрын жаза бастадым. Композицияның ұзақтығы - шамамен 12 минут. Бұл клипті қысқаша музыкалық фильм деуге болады. Фильмнің сценарийін өзім жаздым. Жақында премьерасы болады... - деп жазды әнші Димаш Құдайберген.

Бұған дейін Димаш Құдайберген "Жалын" әніне түсірген жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды. Ал 23 қыркүйек күні әншінің Алматыда жеке концерті өтеді.

Қазақстан
Қызықты
Шоу-бизнес

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды