Алматы облысында ұрланған тапанша табылды

Сурет: polisia.kz
Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №57 мекеменің қызметкерлері қаңтар айында болған жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздестірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ескелді ауданы Жастар ауылындағы аялдама жанындағы тас астынан тығылулы оқ-дәрісіз сауытымен бірге Макаров тапаншасы табылды.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі, яғни "Қаруды заңсыз сақтау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды