2026 жылға дейін Алматыда 70-тен аса мектеп салынады

Сурет: primeminister.kz
2025 жылдың соңына дейін қалада 71 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның ішінде қалалық бюджет есебінен 23 мектеп және қосалқы нысандар, ал қалғандары жеке қаражат есебінен салынады, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Оның ішінде құрылыс салушылармен жасалған меморандумдар аясында 16 мектеп және қосалқы нысандар салу жоспарда бар. Бұл туралы "Алматыны 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі негізгі басымдықтарда" айтылған, - делінген әкімдік хабарламасында.

Сонымен қатар 2025 жылдың соңына дейін Алатау, Бостандық, Наурызбай және Түрксіб аудандарында қосымша білім беруді дамыту бойынша 4 заманауи орталық құрылады.

Әлеуметтік нысандар салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарына орналастырылады. Ғимараттарды аралас пайдалану 2024 жылдан бастап Солтүстік және Шығыс қақпасы полиорталықтарында алғашқы тұрғын үй кешендерінің тапсырылуымен сыналатын болады.

Осылайша полиорталықтар алаңында қажет инфрақұрылымы мен функциялар бар қызметтер жиынтығы нәтижесінде қауіпсіз тату көршілік орта қалыптасатын болады, - делінген Алматы әкімдігінде.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды