Алматыдағы бұрынғы трамвай депосының орнында не пайда болады

Сурет: Zakon.kz
2025 жылға қарай бұрынғы трамвай депосының базасында Depo Art and Science Center шығармашылық кластер бойынша жұмыс аяқталады. Ол креативті индустрия мен IT арасындағы синергетика орталығына, әлеуметтік бастамалар экожүйесінің өзегіне айналады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров айтты. Оның сөзінше, 2025 жылға қарай үш шығармашылық хаб пен екі халықаралық бейне және дыбыс жазу студиясын, ауданы 15 мың шаршы метрге дейінгі IT хабты құру жоспарланып отыр. 2030 жылға қарай шығармашылық және IT хаб саны сегізге дейін ұлғайтылады.

Аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, Almaty Creative интеграторы құрылады.

2025 жылға дейін капиталдандыруы 20 млрд теңгені құрайтын Қалалық венчурлық қор құрылып, "Креативті қала" жаңа онлайн краудфандинг платформасы енгізіледі. Нәтижесінде креативті салалар мен IT-технологияларды дамыту олардың Алматы экономикасына қосқан үлесін 5%-ға дейін жеткізуге және 2030 жылға қарай қызмет экспортын 500 млн долларға дейін арттыруға мүмкіндік болады.Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров

Ковид шектеулері жойылғаннан кейін Алматыда туристік қарқын өсуі байқалды. Биылғы жартыжылдықта шетелдік туристер саны 2,8 есеге, отандық туристер 1,4 есеге өсті. Инвестиция көлемі бес жыл ішінде 1,7 есеге өсіп, 100 млрд теңгеге жетті.

Туристік ағынның оң динамикасымен қатар, Алматы көлік қолжетімділігінің шектеулілігімен, орналастыру орындарының төмен сыйымдылығымен, тау кластерінің әлеуетінің жеткіліксіз дамуымен бетпе-бет келеді. Бұл кедергілер Алматының туристік әлеуетін толықтай дамытуға мүмкіндік бермейді.Әлішер Әбдіқадыров

Әбдіқадыров туризм саласындағы түрлі елдер мен бәсекелес қалалардың тәжірибесі қазірдің өзінде зерттелгенін атап өтті. Алматы әкімінің орынбасары қаланың Discover Almaty жаңа туристік бренді әзірленетінін мәлімдеді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды