Шымкентте тұрғындар өтініші орындалып, жол жаңаланды

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Абай ауданы аумағындағы Игілік тұрғын алабының Бабата көшесі тұрғындарының әкіммен болған кездесуі кезінде айтқан өтініштері орындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абай ауданы аумағындағы Игілік тұрғын алабының Бабата көшесі тұрғындарының жыл басында әкіммен кездесу барысындағы өтініштерінің бірі көшеге асфальт төсеу болатын. Соған сәйкес орташа жөндеу жұмыстары сәуір айында басталып, қазіргі таңда афсальтбетон қабатының бірінші қабаты төселді. Жолдың жалпы ұзындығы 1 шақырымды құрауда.Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Салынып жатқан жол сапасын Шымкент қаласының әкімі арнайы барып тексеріп, тұрғындармен кездесіп, арыз-шағымдарын тыңдады.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

“Жол активтері сапасының ұлттық сапа орталығына” асфальтбетон қабаты бойынша сараптама жүргізуді тапсырған шаhар басшысы, жол салу жұмыстарының әр кезеңінде сапа бақылауының маңыздылығына тоқталып, жоспарға сәйкес, магистралды көшелерімен қоса, ішкі орам көшелерінің сапасы басты назарда екенін атап өтті.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды