Қаңтар оқиғаларына байланысты сотталған 1500-ден аса адамға рақымшылық жасалмақ

Сурет: Zakon.kz
Бас прокуратура "Рақымшылық туралы" Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, қазіргі уақытта тергеуде жүргендер немесе сотталғандар арасында 1 520 адам рақымшылыққа ілінеді, олардың ішінде:

Сотталғандар - 1 035, оның ішінде 93 адам бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуде, 930 адам - пробацияда, тоғызына қоғамдық жұмыстар тағайындалған, тағы үшеуіне айыппұл жазылып берілген.

Қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан толық босату ұсынылады. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін. 

Заң жобасының күші мемлекетке опасыздық жасауға байланысты қылмыстар жасаған; жаппай тәртіпсіздіктерді, сыбайлас жемқорлық қылмысты, террористік қылмысты, экстремистік қылмысты, азаптауды ұйымдастырған, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындалған адамдарға қолданылмайды. 

Заң жобасын әзірлеуге Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы негіз болды, онда қаңтардағы оқиғаларға қатысушыларға қатысты бір реттік амнистия өткізу тапсырылған.

Құжат 14 қазанға дейін Ашық НҚА сайтына қоғамдық талқы үшін орналастырылған.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды