Тоқаев Түркістанда экобелсенділердің іс-шарасына қатысты

Сурет: Telegram/БОРТN1
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының экобелсенділерімен бірге Ботаникалық бақта тал егу шарасына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Іс-шара соңында жастармен тілдескен президент Отанды сүю адал еңбектен басталуы керек екенін айтты.

Отанды сүю осындай адал еңбектен, пайдалы жұмыстан басталады. Еліміздің әрбір азаматы еңбекқор болуы керек. Баршаңызды қолдаймын, мақтан тұтамын. Өскелең ұрпақ – біздің үмітіміз, еліміздің болашағы. Біз ардагер болып мәңгі билікте отырмаймыз. Менің ең үлкен мақсатым – жастарға жол беру, – деді президент Түркістан жастарына.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 27 қыркүйекте жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесуінде халықаралық аренадағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Сонымен қатар ол бірреттік президент мерзімі идеясын түсіндірді. Оған қоса мемлекет басшысы Түркістанға рухани және тарихи елорда мәртебесін беруді тапсырды.

Түркістан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды