Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge халықаралық технологиялық форумына қатысты

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысына Astana Hub IT экожүйесінің қазіргі қызметі және Google for Startups компаниясымен бірлескен бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде баяндалды, сондай-ақ Alem бағдарламалау мектебі мен "Қазақстан халқына" қорының жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев стартап аллеясындағы әрбір жобаға арнайы тоқталып, компания өкілдерінің жетістіктерін тыңдады. Олардың бірқатары тек Қазақстан нарығымен шектелмей, шетел нарығына да шыға бастаған.ҚР президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысына, атап айтқанда, аймақтық авиакомпанияларға арналған Farel авиациялық софттың жаңа буыны, Arbuz интернет супермаркеті, Zyplai жасанды интеллект зауыты, UvU Ridesharing балалар мен әйелдерге арналған қауіпсіз тасымалдау қызметі, Parqour ақылды тұрақ қызметі, сloud-есептеулерді жеңілдететін FIBO Cloud қызметі және Intebix криптобиржасы секілді стартаптар таныстырылды.

Сурет: akorda.kz

Түркияның Өнеркәсіп және технологиялар министрі Мұстафа Варанк пен Өзбекстанның Ақпараттық технологиялар мен коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматов өз елдеріндегі технопарктердің Қазақстанмен арадағы ынтымақтастығына қатысты жоспарлары туралы айтып берді.

Сонымен қатар мемлекет басшысына Blockchair, Playrix, EPAM, inDriver халықаралық IT-компанияларын Қазақстанға тарту және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру нәтижелері туралы баяндалды. ҚР президентінің баспасөз қызметі

Атап айтқанда, Астана қаласының геоаналитикалық платформасы, E-gov денсаулық, Әлеуметтік әмиян және отбасының цифрлық картасы, Vet Mobile, E-Salyq Business, Жер телімдерін сату және жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеу жөніндегі онлайн аукцион сияқты цифрлық шешімдер мен KazNedra жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы жөнінде сөз болды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды