Абай облысы арқылы Қытайға баратын теміржол желісі салынады

Сурет: pexels
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай өңірінде жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде Бақты ауылы арқылы Қытайға теміржол желісін тарту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Абай облысы тоғыз жолдың торабында тұрғанын, Ресеймен, Қытаймен шектесетінін тілге тиек ете келе, осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану керек екенін айтты. Ол үшін жолдарымыз сапалы әрі қауіпсіз болуы керек.

Еліміздің көлік әлеуетін дамыту үшін Бақты арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл теміржолды міндетті түрде салуымыз керек. Үкімет осы мәселемен айналысады. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Оған қоса президент өңірде "құрғақ порт", "логистикалық парк" салып, көлік дәлізін дамыту қажет екенін айтты.

Халықаралық маңызы бар күре жол Семей арқылы өтеді. Сондықтан, ең алдымен, қаладағы екі көпірді жөндеу қажет. Биыл мұнда жаңа көпірдің құрылысы басталды. Үкімет облыс әкімдігімен бірлесіп, оны үш жылда салып бітіруге тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ жауапты органдарға аспалы көпірге күрделі жөндеу жүргізу тапсырылды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды