Тоқаев қарағандылық кеншілерге алғысын білдірді

Сурет: akorda.kz
Қарағанды ​​облысы жұртшылығы алдында сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды ​​қажырлы еңбектің ордасы екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы терең шахтада жұмыс істеу, болат балқыту, жанып жатқан пештің жанында тұру оңай шаруа емес екенін қоса кетті.

Еңбек жағдайының қиындығына қарамастан өндірісте еңбек етіп, еліміздің дамуына зор үлес қосып келесіздер. Баршаңызға ерен еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев қарағандылық кеншілер алдында сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар ол жастарды қарағандылық кеншілерден үлгі алуға шақырды.

Еңбек ету – бәрімізге ең қажет қасиет. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін мемлекет басшысы Қарағанды ​​қаласын дамытудың бас жоспарын жаңартуды тапсырған еді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 2007 жылдан бері қолданылып келе жатқан қаланы дамытудың бас жоспары ескірген.

Қарағанды
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды