Тоқаев ЕАЭО мен Иранның еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойды

Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге хаттаманы ратификациялау туралы Заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы "2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген хабарламада.

Алдында депутат Альберт Рау заң жобасын талқылау кезінде үкімет ұлттық мүдделерді қорғауы керектігін мәлімдеген.

Уақытша келісімге 2018 жылы 17 мамырда Қазақстан астанасында қол қойылды және 2019 жылы 27 қазанда қолданыс мерзімі үш жылға белгіленген күйде күшіне енді.

ЕАЭО
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды