Екібастұзда 40-тан астам үй әлі сусыз отыр

Сурет: Zakon.kz
Екібастұзда 40-тан астам үйге ауызсу әлі берілген жоқ. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде қала әкімі Аян Бейсекин айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгінгі таңда 40-тан астам үй сусыз отыр. Кеше ондай үйлердің саны 56 болған еді. Сондықтан бұл бағытта оң динамика байқалады. Әрине, электр жүйелеріне түсетін жүктеме артуда. Бұрын қала 30-32 мегаватт электр энергиясын тұтынса, қазір ол тәулігіне 48-55 мегаватты құрап отыр. Осы мәселені шешу үшін бүгінгі таңда 11 үй жарықтан ажыратылды. Қазір қалада жалпы 7 бригада жұмыс істеп жатыр". Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин

27 қарашаға қараған түні Екібастұз апатқа байланысты жылусыз әрі ыстық сусыз қалды.

Облыс әкімі басшылығымен жедел штаб құрылды.

28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды.

30 қарашада Екібастұзға ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов келіп жетті.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды