Алматының таулы аймақтарына блок бекеттер қойылды

Сурет: pixabay
Алматының төтенше жағдайлар департаменті қала маңындағы таулы аймақтарда қар көшкіні жүру қаупі барын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар жауын-шашынның түсуіне, қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына және кей жерде 120 см-ге жететін қардың қалыңдығына байланысты қары қалың аймақтарға бармауды ескертті.

"Қазселденқорғау" қызметкерлері халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Шымбұлақ – Эдельвейс тас жолының "Медеу" бөгетінен жоғары учаскесіне блок бекеттер қойды".Алматыдағы ТЖД

Ведомство таулы аймақтағы қар көшкінінің қайталану ықтималдылығы мен жойқын әсері жағынан ең қауіпті табиғи құбылыстың бірі екенін де ескертті. Қар көшкіні үлкен жойқын күші бар және максималдық жылдамдығы сағатына 80 шақырымға жетуі мүмкін.

24 қарашадан бастап Алматының таулы аймағында 14 рет өздігінен қар көшкіні жүрген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Қазгидромет" және "Қазселденқорғау" бекеттері қар көшкіні ахуалына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады.

Алматы өңірінде қар көшкіні болуы мүмкін 165 алқап бар, оның 18-і "Медеу" спорт кешені, "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты және Үлкен Алматы көлі аудандарында орналасқан.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды