Үкімет басшысы Роман Склярға Екібастұздағы жұмысты тезірек аяқтауды тапсырды

Сурет: primeminister.kz
4 желтоқсанда Екібастұзда жүрген Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр телефон арқылы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа қалалық жылу желілеріндегі апаттың зардаптарын жою барысы туралы баяндады, деп хабарлады Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, вице-премьер 4 желтоқсандағы таңертеңгі жағдай бойынша 5А, 5Б және 6 шағын аудандарда 11 тұрғын үйге жылу беру бойынша жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Дайындық деңгейі жоғары, сондықтан кешке дейін олардың желілері (жертөлелер) жылуға қосылады деп күтіліп отыр. Сонымен қатар бұл үйлерде жылу радиаторлары мен жеткізу желілері ауыстырылып жатыр. Кешке пәтерлерде жылу беріле бастайды.

Сонымен қатар Премьер-министрдің бірінші орынбасары жылу берілген үйлердің ішкі инженерлік коммуникациялары – кәріз құбырларын, сумен жабдықтау жүйелерін және тағы басқасын ауыстыру қажет екенін және бұл жұмыстың Үкіметтің бақылауында екенін айтты.

"Жылу толығымен берілмейінше жөндеу жұмыстарына тартылған бірде-бір ұйым бұл үйлерден кетпейді. Қазіргі уақытта барлығы 484 адам жұмылдырылған. Біз өз жұмысымыздың форматын толығымен өзгерттік, ол тәулік бойы жүргізіледі", - деді Роман Скляр.

Премьер-министр барлық жұмысты тезірек аяқтап, тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету қажет екенін айтты.

"Жұмысты жалғастырыңыз. Қалған үйлердің барлығына жылуды тезірек қосу керек, адамдар бір апта бойы жылусыз отыр. Ешкім мемлекеттің көмегі мен назарынсыз қалмайды", - деді Әлихан Смайылов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды