Өткен жылы Қазақстан ТМД елдеріне 120 мың тоннаға жуық күріш экспорттады

Сурет: pixabay
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылы қазақстандық кәсіпорындар 38,6 млн долларға 123,2 мың тонна күріш экспорттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен жылы Қазақстанда 209,6 мың тонна күріш өндірілді. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 0,9%-ға артық.

Күріштің негізгі көлемі ТМД елдеріне жіберілді. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында бұл елдерге 119,9 мың тонна күріш экспортталды.

Қазақстандық күріштің негізгі импорттаушылары: Ресей (37,6 мың тонна), Тәжікстан (30 мың тонна) және Өзбекстан (26,7 мың тонна).

ТМД құрамына кірмейтін әлемнің басқа елдеріне Қазақстан 3,3 мың тонна күріш жөнелткен. Мұнда Моңғолия, Ирак және Түркия көш бастап тұр. Сонымен қатар, бұл дақыл өткен жылы АҚШ, Иран, Израиль және Украинаға жеткізілген.

6 желтоқсан күні үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев күріш мәселесіне алаңдаудың қажеті жоқ екенін, елде күріш жеткілікті екенін айтты.

Оның сөзінше, биыл он айда күріш тұтыну көлемі 80 мың тонна болған. Қоймаларда тұтыну нормасынан үш есе көп қорлар бар.

Тоғыз айда экспорт көлемі 70 мың тонна болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды