СҚО әкімі Айдарбек Сапаров су құбырының жөндеу жұмыстарын өзі қадағалады

Сурет: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров үшін бірінші жұмыс күні Петропавлдағы су құбыры жарылған жерге барып, жөндеу жұмыстарымен танысудан басталды. Облыс әкімі апат салдарын жедел жою үшін жауапты адамдарға барлық техника мен бригадаларды барынша жұмылдыруды тапсырды.

Мамандар су құбырын жөндеу жұмыстарын қысқа мерзімде бітіріп, жақын маңдағы 9 үйдің тұрғындарына су беру қайта қалпына келтірілді.

Сурет: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі

Петропавлдағы су құбыры жарылған учаскеде үш бригада жұмыс істеді, бұл іске жалпы алғанда шамамен 20 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар жөндеу жұмысына 4 апаттық техника, 2 кәріздік көлік, экскаватор және трал тартылды.

Сондай-ақ көпқабатты үйлердің тұрғындарына ауыз су жеткізу ұйымдастырылды.

Сонымен қатар қала көшелеріндегі апаттың салдарын жою жұмыстары жүргізілді. Көшелер мұздан тазартылған соң құм-тұз қоспасы төселді.

Петропавл
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды