Екібастұзда төтенше жағдай: барлық үйге жылу берілді

Сурет: primeminister.kz
Екібастұз қаласын жылумен қамтуды қалпына келтіру жөніндегі жедел штаб 7 желтоқсан күні сағат 08:00-де барлық үйге жылу берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, желілік судың параметрлері: қысымы 8,8 кг/см2, түзу бағытта 83 градус, түзу және кері бағытта 56 градусқа тең

"Энергия көзі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Екібастұз ЖЭО қаладағы жылумен қамтуды қалыпқа келтіру үшін барлық күштерді жұмылдыруда. Өкінішке қарай, соңғы күндердегі оқиғалардың салдарынан болған гидравликалық режимнің теңгерімсіздігі, соның ішінде тұтынушылар мен ПИК-тердің жылу тасымалдағыштағы суды рұқсатсыз ағызуы бұл жұмысты қиындатты".Роман Скляр

Ол барлық тұрғынға шыдамдылық танытқаны үшін алғыс айтты және алдағы 2-3 күнде бірлескен күш-жігердің арқасында жылумен қамту толығымен қалпына келетініне сендірді.

Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылды.

27 қарашада сағат 01:20-да экран құбырларының жарылуына байланысты №11 қазандық қондырғысы істен шықты. Сағат 01:30-да №13, 14 және 15 қазандық агрегаттары да өз жұмысын тоқтатты.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды