Ақпарат министрі ДДСҰ сайтын бұғаттан шығаруға уәде берді

Сурет: pixabay
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәжіліс кулуарында Қазақстанда бұғатталған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайты жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министр бұл мәселе министрліктің бақылауында екенін атап өтті. 

"Талғар сотының шешімін алдық, сайт автоматты түрде бұғатталды. Біз бұғаттау мәселесін қайта қарау үшін Талғар сотына осы мәселе бойынша хат жолдадық. Сот пен прокуратурадан жауап келген кезде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының веб-сайтын мүмкіндігінше тезірек ашуға тырысамыз". ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі

25 қарашада біраз адам елімізде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайты ашылмай жатқанын хабарлады. Кейін сайт бұғатталғаны анықталды.



ДДСҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды