150 мың теңге. Алматыда жүргізуші куәлігін алып беремін деп тұрғындарды алдаған күдікті ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Тергеудің осы кезеңінде 26 жастағы Ж.есімді азамат кем дегенде қаланың алты тұрғынын алдады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті өзін ХҚКО қызметкерімін деп таныстырып, жүргізуші куәлігін алуға көмектесуді ұсынған. Күдікті бұл қызметі үшін 150 мың теңге сұраған.

"Жедел шаралар жүргізілді. Күдікті ұсталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді". Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев

Полиция алданғандардың көп болуы мүмкін екенін айтып отыр. Күдіктінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарды тәртіп сақшылары мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуларын сұрайды: 8-702-160-06-34.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды