Алматы полициясы деменцияға шалдыққан зейнеткерді іздеп тапты

Сурет: pixabay
Алматы полициясы деменцияға шалдыққан зейнеткерді іздеп тапты. Медеу ауданының тұрғынынан полиция департаментіне алғыс хат келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зейнеткер әйелін табуға көмектескені үшін полицияның бірнеше қызметкерін ынталандыруды өтінген.

"Құрметті Арыстанғани Расылханұлы! Сізден Медеу аудандық ПБ-ның полиция қызметкерлерін, атап айтқанда, учаскелік инспектор, Медеу аудандық ПБ АБ-ның анықтаушысы Әсел Аршабекованы, жедел уәкіл Жақсыбай Қолданды, криминалист Нұрлан Ілібаевты ынталандыруды сұраймын. Әйелім 73 жаста. Ол деменцияға шалдыққан, көшеде адасып қалды, өзіміз іздестіріп көріп едік, нәтиже бермеді. Мен полициядан көмек сұрадым. Учаскелік инспектордың, анықтаушы мен жедел уәкілдің әрекетінің арқасында әйелім бір жарым сағатта табылды. Полиция қызметкерлері бейнекамералардың жазбаларын қарап, оның қозғалысын бақылады – бұл оны тез табуға мүмкіндік берді", – деп жазған зейнеткер Антонов.

Хатты жазған зейнеткер полиция қызметкерлерінің қызметіне табыс та тілеген.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды