"Өмірдің үлкен мектебі болды". Жеңіс Қасымбек қарағандылықтарға алғыс айтты

Сурет: үкіметтің баспасөз қызметі
Қарағанды облысының экс-әкімі Жеңіс Қасымбек өңір тұрғындарына алғыс айтты. Ол 8 желтоқсанда осы лауазымдағы соңғы жұмыс күнін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бұл үш жыл мен үшін үлкен өмір мектебі болды. Бірінші кезекте азаматтардың, кеншілердің, металлургтердің, жастардың және ауыл тұрғындарының мүддесі үшін жұмыс істеуге тырыстым. Алдымызға қойылған міндеттерді шешуде мен әрқашан сіздердің қолдауларыңызды сезіндім, сонымен бірге ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды тыңдадым. Маған танытқан сенімдеріңіз үшін барлығыңызға шынайы алғыс айтамын. Біздің өңірге амандық пен одан әрі өркендеу тілеймін!", - деп жазды ол Facebook-те.

Еске салайық, бүгін, 8 желтоқсанда, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс Қасымбекті Астана әкімі етіп тағайындады. Ол мұның алдында Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарды. 

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды