Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген жігіт ұсталды

Сурет: polisia.kz
18 жастағы ақтөбелік интернет арқылы адамдарды алдаған. Ол жөндеуі жақсы, бағасы арзан пәтерді жалға беру туралы сайтқа хабарландырулар орналастырған. Қызыққандарға банк картасының деректемелерін жіберіп, алдын ала төлем төлеуді сұраған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біздің мәлімет бойынша, күдіктінің қулығына кем дегенде 5 адам түскен, олар - алаяқтық туралы полицияға ресми түрде арызданғандар. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінтігенде оның қылмыс жасау кезінде пайдаланған байланыс операторларының 45 SIM-картасы тәркіленді", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері оның жеке басын басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Полиция күдіктінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұрайды: 8-705-555-77-69; 8-775-747-77-78; 8-778-481-19-00; 8-708-707-92-02.

Сонымен қатар Алматы прокуратурасы интернет-алаяқтардың белсендігі туралы азаматтардың есіне салып, мүлікті қорғау шараларын барынша қолдануға шақырады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды