2006 жылдан бері "АрселорМиттал Теміртауда" 100 қазақстандық қаза тапты

Сурет: arcelormittal.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 12 желтоқсанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2006 жылдан бері АрселорМиттал Теміртауда 20-дан астам апат болып, 100-ден астам қазақстандық қаза тапқанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше, ссы жылдың 11 айында өндіріс орнында 1124 жұмысшы зардап шекті, оның 157-сі қайтыс болды.

"Кейбір кәсіпорындарда адам өліміне әкеп соқтыратын апаттар жүйелі сипатқа ие болды. Біз басқалармен қатар, АрселорМиттал Теміртау туралы айтып отырмыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Биылдың өзінде 14 адам, оның ішінде 8 желтоқсанда бір жұмысшы қаза тапты.

"Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың хабарламаларына сәйкес, компания еңбек, экология және салық заңнамасын бұзып, инвестициялық міндеттемелерді орындамайды. Қоғам әділ және шұғыл шаралар қабылдауды күтіп отыр. Бұл мәселе тікелей премьер-министрдің бақылауында", – деді президент.
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды