Үндістанның Adani Group компаниясы Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға мүдделі

Сурет: akorda.kz
13 желтоқсан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Adani Group компаниясының президенті Гаутам Аданиді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында ұзақмерзімді және стратегиялық маңызы бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды, деп жазды ҚР президентінің ресми сайты. 


Президент үндістандық мультиұлттық Adani Group конгломератының өңірдегі көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарына оң баға берді. Мемлекет басшысы Қазақстан көлік бағыттарын әртараптарандыру жұмыстарын жүргізіп, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын белсенді дамытып келе жатқанын атап өтті.ҚР президентінің баспасөз қызметі

Гаутам Адани Мемлекет басшысына компания энергетика, мұнай-химия, жаңартылатын энергия көздері және экономиканың басқа да маңызды секторларында Қазақстан тарапымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды