Тоқаев Жеңіс Қасымбекке астанадағы жылу беру маусымын бақылауда ұстауды тапсырды

Сурет: akorda.kz
Президентке Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы есеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысына сорғы-сүзгі стансасы (ССС-3), газбен жылыту стансалары, жылу электр орталығы секілді қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы жөнінде баяндалды. Аталған нысандардың құрылысы 2023 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Президентке елорданы газбен қамту ісінің барысы, ұзаққа созылған құрылыс жұмыстарының аяқталуы, әлеуметтік нысандардың құрылысы, тұрғын үй алаптарын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, инвестиция тарту бойынша  ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкіміне жылу беру маусымының барысын бақылауда ұстауға, астананы одан әрі өркендетуге қатысты бірқатар тапсырма берді.


Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды