Алматы облысында жолды кесіп өтіп бара жатқан адамды көлік қағып, мерт қылды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргінші мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 2022 жылдың 14 қарашасында сағат 7:20 шамасында орын алды, деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

48 жастағы Skoda автокөлігінің жүргізушісі солтүстік бағытта "Алматы-Өскемен" тас жолымен құйғытып келе жатып, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қаққан, делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 63 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды. 

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Іле ауданының ЕҚДБ-да тіркелді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды