Министрлік Қаракөлдегі аққулардың өліміне қатысты пікір білдірді

Сурет: видеодан скриншот
19 желтоқсан күні Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінде түсірілген видео Қазнет қолданушыларын алаңдатқан еді. Осыған орай Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының мәліметінше, аталған фактті тексеріп, құстар өлімінің себебін анықтау  мақсатында оқиға орынына аталған инспекция өкілдері, Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы, Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы, Ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлері, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС экологтары барды. 

"Аумақты тексеру барысында мамандар 10 аққудың өлексесін тапты. Алдын ала болжам бойынша, олар қыстан аман қалу үшін май жинап үлгермеген 1 жылдық құстар", - делінген министрлік хабарламасында.

Мамандардың айтуы бойынша, аққулар өлімінің тағы бір себебі күннің суытуымен де байланысты болуы мүмкін.

"Маңғыстау облысында 1 желтоқсаннан бастап ауа температурасы -15°С дейін төмендеді. Каспий теңізі мен Қаракөл көлінің жағасында мұз қатқан", - делінген хабарламада.


Қазір құс өлімінің себебін анықтау мақсатында, су мен құстардан сынамалар алынып, тексеруге жолданды. Қосымша ақпарат жарияланады.

Есептік деректер бойынша, Қаракөл көлінде 10 000-ға дейін аққулар қыстайды

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды