Үйінде есірткі сақтаған Шу тұрғыны ұсталды

Сурет: polisia.kz
15 желтоқсанда Шу қаласының 32 жастағы тұрғыны есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізді.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында үйінің дәлізінде салмағы 1 келі 285 грамм кептірілген марихуана есірткі заты бар ақ түсті пакет табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат өз кінәсін толығымен мойындады және Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған", - деді облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды