Тоқаев Абайдың шығармашылығына арналған Ташкенттегі көрмеге барды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының аясында Ташкент қаласында өтіп жатқан "Абай. Бауырлас халықтар мұрасы" атты ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған көрмеге барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұл көрме – екі ел арасындағы достық пен бауырластық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам".Ақорда

Сурет: akorda.kz

"Абай. Бауырлас халықтардың мұрасы" атты көрмеде ұлы ақынның шығармашылығындағы Әлішер Науаидың рөлі, Абай өмірінің негізгі кезеңдері, Ә.Қастеев, О.Таңсықбаев, Е.Сидоркин, Н.Өтепбаев және тағы басқа суретшілердің туындыларындағы Абай туралы сюжеттер қамтылған.

Оған қоса, Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің 120-дан астам экспонаты қойылған.


Сурет: akorda.kz

Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды