Ұлттық экономика министрі жаңажылдық азық-түлікке қанша теңге жұмсағанын айтты

Сурет: Zakon.kz
Сенат кулуарында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров отбасының жаңажылдық дастарханға арналған азық-түлік шығыны былтырғымен салыстырғанда қаншалықты өскенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өсті, тағы да мандариннің есебінен, маусым әсер етеді. 10 пайызға өсті, сәл көп болуы да мүмкін. Айына тамаққа 250 мың теңге жұмсап келсек, бұл жолы чек шамамен 25-30 мың теңгеге өсті. " Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров

Бұған қоса Ұлттық экономика министрі Жаңа жылды қалай қарсы алатынын, отбасында қандай жаңажылдық дәстүр қалыптасқанын айтты.

"Жаңа жылды отбасында, Астанада үйде қарсы аламыз. Отбасымда тілек жазып, оны топырағы бар құмыраға салып, келесі жылы алып оқу дәстүрі бар". Әлібек Қуантыров


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды