Өскеменде әкесімен ренжісіп, үйінен кетіп қалған балалар табылды

Сурет: polisia.kz
Өскеменде әкесімен ренжісіп, үйден кетіп қалған балалар табылды. Ер адамның айтуынша, ұлы мен қызы 25 желтоқсан күні кешке үйден кетіп, оралмаған, ал телефонын үйде қалдырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өскеменнің 34 жастағы тұрғыны полицияға 25 желтоқсанда, сағат 22:05-те 13 және 15 жастағы балаларын іздеуге көмек сұрап хабарласқан.

Кәмелетке толмағандардың жүрген жерін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы дереу жиналып, таныстары мен куәгерлермен әңгімелесіп, іргелес аумақтарды, аулаларды, тұрғын үйлердің кіреберістерін, гүлзарларды, саябақтарды, жастар жиналатын орындарды қараған.

Полиция балаларды жаяу және қызметтік автокөліктерді пайдаланып іздеген.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде 40 минуттан кейін кәмелетке толмағандарды Боран-2 патрульдік экипажының қызметкерлері Салауат Шәкіров пен Қуаныш Акимеев Островский көшесінен тапты. Кәмелетке толмағандар әкесімен ренжіскеннен кейін үйден кеткенін айтты. Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Үйге аман-есен жеткізілді", - деді Өскемен қаласы ПБ бастығы Андрей Мула.

Өскемен
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды