"Тағзым" мемориалы жөндеуге жабылмайды – Алматы әкімдігі

Сурет: видеодан скриншот
Жуырда президент Алматыға қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған "Тағзым" мемориалын ашуға келді. Ал 27 желтоқсанда журналист Асхат Ниязов әлеуметтік желіде мемориалдың жөндеуге жабылғанын жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнынан түсірілген видеоны журналист Instagram-дағы парақшасында жариялады. Кадрларда жұмысшылардың мемориалды қызыл лентамен қоршап, жұмыс істеп жатқаны көрсетілген.

"Қаңтар оқиғасына арналған жақында ашылған мемориал жөндеуге жабылды. Бұны түсінбейсіздер. Бұл сондай идея", - деп жазды ол видео сипаттамасына.

Zakon.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен түсініктеме сұрады.

"Мемориал жабылған жоқ және жабылмайды. Белгілі бір аймақтарда мамандар түсініктемелер бойынша шағын жұмыстар жүргізіп жатыр".Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

23 желтоқсанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Республика алаңында қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған "Тағзым" мемориалын ашты.

Тағзым мемориалының орнатылатын жері кездейсоқ таңдалмаған. Кешен 5 қаңтарға қараған түні бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қайғылы оқиға болған жерге жасалды.







Қазақстан
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды