СҚО-да жеңіл көлік ат-шананы қағып, бір адам көз жұмды

Сурет: polisia.kz
СҚО-да шанаға жегілген жылқыны жетектеп кетіп бара жатқан адамды көлік қағып кетті. 61 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 желтоқсанда сағат 18 шамасында Жезқазған – Петропавл автожолының 840-шақырымында Николаевка ауылының маңында Chevrolet Nexia автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі жол үстінде шанаға жегілген жылқыны жетектеп кетіп бара жатқан 61 жастағы Есіл ауданының тұрғынын қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан шанаға жегілген жылқыны жетектеп бара жатқан ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Медициналық куәландыру актісіне сәйкес Chevrolet Nexia автокөлігінің жүргізушісі мас болмаған.


Жол-көлік оқиғасы фактісі ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. СҚО ДП баспасөз қызметі

Сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды