Тоқаев Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына барып, балаларға сыйлық таратты

Сурет: akorda.kz
30 желтоқсан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың Telegram арнасы таратқан ақпарат бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен орталықтағы Смарт сыныптың жұмысымен танысты. Ем алып жатқан балалар оқудан қол үзіп қалмауы үшін "Ақылды сынып" ұйымдастырылған. Мұнда мектеп бағдарламасына сәйкес математика, тарих және басқа да пәндер оқытылады.


Сурет: akorda.kz


Президент республиканың әр өңірінен келіп, ем алып жатқан балалармен әңгімелесті. Мемлекет басшысы жеткіншектердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 


Сурет: akorda.kz

Президентке балалар бөлімшелерінде 351 бала ем алып жатқаны туралы баяндалды. Биыл бұл жерде 18 мыңға жуық бала емделген.


Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтағы балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, барлығына сыйлық үлестірді.



Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды