Бір тәулікте 158 жол апаты: Алматы полициясы жолаушыларға үндеу жасады

Сурет: Zakon.kz
Ауа райының нашарлауына байланысты Алматы Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы кезекші бөлімінің мәліметінше, өткен тәулікте қалада 158 жол-көлік апаты тіркелді, оның 25-інде адамдар жарақат алған. Қайтыс болғандар жоқ.

Ауа райының нашарлауына байланысты Алматының тәртіп сақшылары жолда қауіпсіздік шарасын күшейтуге шақырды.


"Тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға, көлік жүргізу мәдениетін және мұқияттылықты арттыруға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өте өзекті және қала жолдарында қайғылы оқиғаларды болдырмауға септігін тигізеді", - деді, Алматы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ержан Ұзабаев.
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды