Биыл азаматтық қызметшілердің арасында кімдердің жалақысы өседі

Сурет: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы мемлекеттік қызметкерлердің жекелеген санаттарының жалақысы 20 пайызға өседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді.

Еңбек министрлігінің хабарлауынша, азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын арттыру кезең-кезеңімен жүреді. 

"Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге ұлғаяды".ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбекмин азаматтық қызметшілердің жалақысын арттыру Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында іске асатынын атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды