Алматы облысының тұрғыны 12 келі марихуанамен ұсталды

Сурет: видеодан алынды
Көлік полицейлері Шу станциясында Алматы облысының тұрғынынан аса ірі мөлшерде есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылы 10 қаңтарда қызметтік иісшіл ит Шу станциясының теміржол вокзалының перронында Алматы облысының тұрғынына жақындады. Оның сөмкесінен жалпы салмағы 12 келі 480 грамм "марихуана" есірткі заты табылып, тәркіленді. 

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі, яғни есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады". Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев

Күдікті Шу ауданында жабайы қарасора жинап, оларды Алматы қаласына теміржол көлігімен тасымалдауды жоспарлағаны анықталды.


"Қазіргі уақытта ұсталған азамат полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізілуде", - деп түйіндеді сөзін полиция полковнигі.

Тараз
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды