Қырғыздың қылмыс әлемі мүшесін өлтірді деген екі күдікті Қазақстанға қашпақ болған

Сурет: Instagram/mvd_official_kg
Қырғыз еліндегі ұйымдасқан қылмыс әлемінің мүшесін өлтірді деген күдіктілер шекара асып, Қазақстанға өтпекші болған. Бірақ олар ұсталып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Kaktus.media басылымының мәліметінше, екі адам Қазақстанмен арадағы шекараны кесіп өтпек болған кезде ұсталды. Келесі күні Ош қаласында қауіпсіздік қызметкерлері 32 жастағы Нұрбек Чубаковты ұстады.


Қылмыстық топтың бес күдікті мүшесін полицейлер ұстады, деп хабарлады Қырғызстанның ішкі істер министрлігі. Тергеу мәліметтері бойынша, олардың барлығы кісі өлімі орын алған бандалар арасындағы қақтығысқа қатысқан. 

"Қылмыстың қалған қатысушыларын ұстау бойынша кешенді жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр". Қырғызстан ІІМ


13 қаңтарға қараған түні Ош қаласында екі топ арасында төбелес болды. Қақтығыс кезінде екі адам оққа ұшты: біреуі қаза тапты, екіншісі ауруханаға түсіп жансақтау бөліміне жатқызылды.


Полиция ұйымдасқан қылмыстық топтың бірінің серкесі Қыдыр Досоновты ұстады, тағы бес адам іздестіріліп жатыр. Кейін ІІМ Қорғанбайұлы Эламан мен Райымбердиұлы Ақылбектің ұсталғаны туралы хабарлады.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды