Ақмола облысында екі адамды өлтірген ер кісі 20 жылға сотталды

Сурет: pixabay
Ақмола облысының тұрғыны екі адамды өлтіргені үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Күдікті төрт жыл бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін абақтыдан шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, тергеу кезінде 2021 жылдың 3 қарашасында сағат 23:00 шамасында қайтыс болғандардың бірінің үйінде болған С. есімді азамат алкоголь ішкеннен кейін басқа қонақпен сөзге келіп, оған екі рет пышақ жарақатын салған, оның ішінде жүрек тұсына да салған.

Салдарынан ер адам сол жерде тіл тартпастан көз жұмғаны белгілі болды. Осы кеште ер адам қылмыстың куәсі болған пәтер иесінің кеудесіне де пышақ сұғып алған.

"Сот сотталушының екі адамды өлтірген кездегі салқынқандылығын, іс-әрекетін есеппен жасайтынын және қауіпті қайталануды ескерді", - делінген хабарламада.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыға 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Жазаны өтеу төтенше қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды