Елордалық жасөспірім дүкеннен төрт жаялықты ұрлап кеткен

Сурет: polisia.kz
Астанадағы Қошқарбаев көшесінде орналасқан супермаркеттің әкімшілігі күндіз белгісіз адам тұрмыстық химия бөлімінен ұрлық жасағанын айтып, полицияға жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арызданушының айтуынша, дүкенге келген жасөспірім төрт оралған жаялықты ұрлап, 40 мың теңгеден астам шығын келтірген.

Жедел әрекет еткен Алматы ауданы полиция бөлімі жедел уәкілдері ұрыны жылдам ұстады. Оны тергеп-тексеру кезінде ІІО-да есепте тұратын 17 жастағы жасөспірім анықталды.

"Жасөспірімнің мінез-құлқы Астана әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралып, оған қатысты девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектепке жіберу туралы жинақталған материалға шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді. Оның заңды өкілі бұған дейін бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілікке тартылған болатын. Полицияға жеткізілген жас бала ата-анасына тапсырылды", - Polisia.kz хабарламасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды