Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Сурет: akorda.kz
24 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ақорда" резиденциясында төрт елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп мәлімдеді Президенттің баспасөз қызметі.

Сенім грамоталарын Швеция Корольдігінің елшісі Ева Ульрика Пулано, Грузияның елшісі Николоз Лалиашвили, Мьянма Одағы Республикасының елшісі Лвин У және Кипр Республикасының елшісі Кипрос Йоргаллис тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының ресми түрде басталуымен құттықтап, екіжақты байланыстарды одан әрі нығайту жұмыстарына табыс тіледі. Мемлекет басшысы Қазақстанның достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған бейбіт әрі ашық сыртқы саясат жүргізіп отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы дипломаттардың игі миссияларын орындауы кезінде Қазақстан Үкіметі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Рәсім соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерге табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды