Телефон "сатып алмақ болған" ер адам астаналық ерлі-зайыптыны тонап кетті

Сурет: polisia.kz
Бренд телефонын сатылымға қойған ерлі-зайыпты тонаудың құрбаны болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғыны Market.kz сайты арқылы IPhone 14 телефонын сату туралы хабарландыру берген. WhatsApp мессенджері арқылы бейтаныс ер адам байланысқа шығып, Домбыралы көшесінде кездесуге уәделескен. Әйел жұбайымен бірге мекенжайға келген. Көліктен шыққаннан кейін әйел сатып алушыға жақындайды, бірақ сол кезде ол тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ұялы телефонды беруді талап еткен. Жәбірленушінің жұбайы мұны байқап, жақынған сәтте ер адам оның да ұялы телефонын талап еткен.

Сарыарқа ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 26 жастағы астаналықты анықтады.

Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды