Мәулен Әшімбаев сенат спикері болып сайлануы мүмкін екенін айтты

Сурет: senate.parlam.kz
ҚР парламенті сенатының сайлауынан кейін палата спикерін сайлау өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Парламент сенатының экс-спикері Мәулен Әшімбаев Орталық сайлау комиссиясының отырысында журналистерге пікірін бөлісіп, ол қайтадан палата төрағасы лауазымын иеленуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

"Мұндай шешім (сенат спикерінің кандидатурасын мақұлдау. – ред.) президенттің өкілеттігінде. Біздің заңнамаға сәйкес мемлекет басшысы спикерлікке кандидатураны ұсынады, содан кейін депутаттар дауыс береді. Содан кейін шешімді президент қабылдайды".Мәулен Әшімбаев

Қазақстанда сенат спикері мемлекеттің екінші тұлғасы болып саналады. Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе қызметiнен кеткен, сонымен қатар қайтыс болған жағдайда президенттiң қалған мерзiмге өкiлеттiгi парламент сенатының төрағасына ауысады.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы сенаттың 31 жаңа депутаты, 14 қаңтардағы сайлау нәтижесінде сайланған 21 және президент тағайындаған 10 депутатқа төсбелгілер мен куәліктерді тапсырды.

24 қаңтарда Жақып Асановтың сенат депутаты болғаны белгілі болды.

Қазақстан
Әшімбаев Мәулен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды