Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды

Сурет: pexels
24 қаңтарда сағат жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Жамбыл облысының полицейлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірігіп 2018 жылдан бер3 мемлекетарылық іздеуде болған қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 35 жастағы Өзбекстан  азаматы Өзбекстан Республикасы ҚК-нің 216-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды заңсыз қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдардың қызметіне қатысуға итермелеу) көзделген қылмысты жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.

Ұсталған қылмыскер Тараз қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ведомство өкілдері күдікті Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылатынын мәлімдеді.


Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды