Ақмолада полицейлер бөтеннің көлігін айдап әкеткен екі мас әйелді ұстады

Сурет: Zakon.kz
Екі құрбы біреудің көлігімен серуендеуге шыққан. Алайда олардың сапары ұзаққа бармады. Мас жүргізушіні патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқатты. Ақмолалық тұрғынның көлік құралын басқару құқығы жоқ екендігі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түрінде жаза тағайындалуы мүмкін. Сондай-ақ ол көлікті бейтаныс адамнан сұрамай, ұрлап кеткен.

Аталған дерекке сәйкес, ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі, "Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды, делінген полиция хабарламасында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды