Жамбыл Ахметбеков те Қазақстан халық партиясынан шықты

Сурет: Жамбыл Ахметбековтің facebook-парақшасынан
Мәжілістің үш шақырылымында депутат болған, екі рет президент сайлауына түскен Жамбыл Ахметбеков Қазақстан халық партиясы құрамынан шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл туралы facebook-тегі парақшасында хабарлады. Жамбыл Ахметбеков жазбасында "партияның кәсіби емес қазіргі басшылығын мүлдем қабылдамайтынын" жазған.

"Біздің команда партияны үш рет ҚР Парламенті Мәжілісіне әкелді. Партияның жаңа басшысы кезінде ҚХП дәл осындай нәтижеге қол жеткізетініне күмәнім бар. Мен қарапайым қазақстандықтар үшін игілікке бағытталған партияның қағидаттары мен бағдарламасын толық қолдаймын, бірақ партияның қағидатсыз және кәсіби емес жаңа басшылығын мүлдем қабылдамаймын. Мен олармен жұмыс істей алмаймын және бір партияда тұра алмаймын. Партия ыдырап бітеді", - деп жазды ол.

Жамбыл Ахметбеков сонымен бірге Қазақстан халық партиясы алдағы Мәжіліс сайлауында жеңілетінін де жазған.

Еске салайық, бұған дейін Ерлан Смайылов пен Ғазиз Құлахметов те Қазақстан халық партиясы құрамынан шыққанын хабарлаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды