Түркістан облысында 15 жасар қызды алып қашып кеткен

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысының полицейлеріне Шымкент қаласының тұрғынынан арыз түсті. Ер адам қызын алып қашып, күштеп үйленбек болған жігіттің үстінен шағымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған қоса әкесі неке қидыруға келісім бермегенін, бұл жағдайды жақында ғана әлеуметтік желіден білгенін айтқан.

Қыздың әкесінің мәлімдемесін құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Түркістан облысының полицейлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 122-бабы ("Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ қыз бен жігіт таныс болғаны анықталды. Анасы оған келісім бермей, қызды Шымкентке алып кеткен.

"Қазіргі уақытта бұл іс бойынша сараптамалар тағайындалды. Қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр. Іс Түркістан облысы полиция департаментінің бақылауында", – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды