Атырау тұрғыны "бонус қосып беремін" деп 30 адамнан 40 млн теңге алдап алған

Сурет: polisia.kz
Атыраулық полицейлер 30 адамның 40 млн теңгесын алдап алған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау полиция басқармасының қызметкерлері 2022 жылғы желтоқсан айы 2023 жылғы қаңтар айы аралығында Каспи және Freedom Finance банктерінен тауарлық несиені ақшалай алып, үстіне бонус қосып беремін деп, 30 адамды алдап, 40 млн теңгені иемденіп алған күдіктіні анықтап, ұстады.

Ол 33 жастағы Махамбет ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек негізінде ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды