Таразда бойжеткен қыз биіктен секіріп кетті

Сурет: Zakon.kz
27 қаңтарда Тараз қаласында салынып жатқан нысанның төбесінен 19 жастағы қыз секіріп кетті. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
27 қаңтарда сағат 15:50 шамасында Тараз қалалық ПБ жедел басқару орталығына ықшам аудандардың бірінде құрылысы аяқталмаған нысанның төбесінен қыз баланың секіріп кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ-нің 105-бабымен (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Секірген қыздың 19 жастағы қала тұрғыны екендігі анықталды. Шұғыл түрде облыс орталығындағы ауруханалардың біріне жеткізілген ол қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.

Бойжеткеннің суицидке бару себебі тергеп-тексеру шаралары барысында анықталатын болады.

Басқа да мән-жайлар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды